Маңғыстауда автобус мұнай компаниясының қызметкерін қағып кетті: ер адам оқиға орнында көз жұмды

286

​Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан мұнай компаниясының қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда автобус мұнай компаниясының қызметкерін қағып кетті: ер адам оқиға орнында көз жұмды Фото: Бейнежазбадан

Оны вахталық автобус қағып кеткен. Аталған жағдайға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Оқиға 6 қарашада Ақтау – Қаламқас автожолында болған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, DAEWOO маркалы автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қызметкері болған. Компания қайғылы жағдайды растады.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус арнайы тұраққа қойылды", – деп хабарлады полиция.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу