Маңғыстауда балық шаруашылығын дамыту үшін инвестициялық жобалар іске асты

711

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында балық шаруашылығы белсенді дамып келеді.

Маңғыстауда балық шаруашылығын дамыту үшін инвестициялық жобалар іске асты

Былтыр балық өнімдерін өндіру көлемі 6,6 млрд теңгеге жетті. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 млрд 9 млн теңгеге артық, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қазір балық шаруашылығына ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, "Аташ Фиш Пром" ЖШС 5 тонна балық ұнын өндіріп, 8 тонна ұсақ балық ыстап, 3 тонна ұсақ балықты тұздап, сатылымға шығарған.

Ал "Казах Осетр" кәсіпорны бекіре уылдырығын өндіруді қолға алды. 2030 жылға қарай мекеменің өндіріс көлемін екі есеге, яғни 60 тоннаға дейін көтеру жоспарланып отыр. Мұнан бөлек ауданда балық шаруашылығын дамытуға арналған 3 инвестициялық жоба жасақталуда. Атап айтқанда, "Каспий Алтын Балық" ЖШС, "CaspyAltynBalyk" ЖШС, Қызылөзен ауылында "Swiss Choice Holding SA" кәсіпорындарының құрылысы салынып, құжаттары әзірленуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу