Маңғыстауда Бекет атаға бара жатқан 10 адам жол апатынан қаза тапты

392

11 қыркүйекте Маңғыстау облысының Қарақия ауданында, Сенек ауылынан 90 шақырым жерде "Toyota Hiace" көлігі аударылып, ірі жол апаты орын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда Бекет атаға бара жатқан 10 адам жол апатынан қаза тапты Фото: drive2.ru

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмаған.

Салдарынан 8 адам оқиға орнында, тағы 2 адам ауруханаға барар жолда көз жұмды. Жүргізуші мен 2 жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қаза тапқандардың барлығы Қазақстан азаматтары, олар қасиетті Бекет атаға зиярат етуге бара жатқан.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Ішкі істер министрі арнайы жедел штаб құрып, істі жеке бақылауына алды.

Қазір жүргізушінің әрекеті, көліктің техникалық жағдайы және тасымалдау шарттары тексерілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу