Маңғыстауда бір ауылдың үш баласы қызылшамен ауырды

558

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында балалар арасында қызылша ауруының үш жағдайы тіркелді.  

Маңғыстауда бір ауылдың үш баласы қызылшамен ауырды Фото: CheckDerm от Фенистил

Барлық науқастар-балалар, олардың екеуі вакцинацияланбаған, ал біреуінде вакцинаға медициналық қарсы көрсетілімдер табылған.

"Қазіргі уақытта науқас балалар Ақтау қаласында орналасқан балалар жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде. Қызылшаға қарсы егілмеген 1 жастан 30 жасқа дейінгі аудан тұрғындарына вакцинациядан өтуді ұсынамыз. Қызылшаның алдын алу әдісі- вакцинация. Қызылшаға қарсы егу шаралары 1 жастан 6 жасқа дейін жүргізіледі", - дейді Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.                                                                                                                                                            

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу