Маңғыстау облысындағы бизнес-жобаларға 1 миллиард теңге бөлінді. Ол "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021" бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық қорынан "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы орган арқылы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның Маңғыстау облыстық филиалына 1 миллиард теңге бөлген. Айта кетейік, аталған бағдарлама жұмыссыздық деңгейінің өсуін болдырмау мақсатын көздейді.
"Бұл қаржы "Атамекен" микроқаржы ұйымы арқылы беріледі. Осы уақытқа дейін 314 млн теңгеге 60 жоба қаржыландырылды, – дейді "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Әсет Байбосынов.
Бағдарлама аясында "Атамекен" микроқаржы ұйымы арқылы "Бизнес Бастау" курсын бітіріп, сертификат алған азаматтар жаңа кәсіп бастау үшін несие жылына 6 пайызбен несие ала алады. Қаражат ауыл шаруашылығы бағытындағы, сондай-ақ сән салонын, тігін шеберханасын ашу сынды жобаларды жүзеге асыру үшін беріледі. Несие алған азаматтарға несие мерзімінің үштен бір бөлігіне дейін несиені кейін төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Құралай Қуатова