Маңғыстауда декретте отырған көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды

82

Маңғыстауда декретте отырған көлік прокуратурасының қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда декретте отырған көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды Фото: Sputnik / Кирилл Каллиников

"Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаменті Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп, 2025 жылғы 9 қарашада алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды. Аталған қызметкер 2024 жылдан бері бала күтіміне байланысты еңбек демалыста болуына орай нақты қызметтік міндеттерін атқармаған", – деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында. 

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу