Маңғыстауда Джеки Чанның қатысуымен өтетін аңызға айналған блокбастердің түсірілімі басталды

90

Жобаны Sәlem Entertainment және Dala Edge Creative Tech Park компаниялары жүзеге асырады.  

Маңғыстауда Джеки Чанның қатысуымен өтетін аңызға айналған блокбастердің түсірілімі басталды Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстауда әлемге әйгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін "Құдайдың сауыттары 4: Ультиматум" халықаралық кино жобасының түсірілімі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда түсірілім тобы Маңғыстаудың бірегей табиғи ландшафттарында алғашқы кадрларды таспаға түсіруге кірісті. Фильмнің негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде әлемге танымал Бозжыра шатқалы таңдалған. 7-12 маусым аралығында аталған аумақта 35 адамнан тұратын түсірілім тобы жұмыс жүргізіп, фильмнің бірқатар көріністерін түсірген.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай шығармашылық топ өкілдерімен кездесіп, халықаралық ауқымдағы кино жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау білдірді. Кездесу барысында өңірде креативті индустрияны дамыту, кино және телевизиялық жобаларды өндіру, жастарға арналған сапалы медиаконтент қалыптастыру, сондай-ақ Маңғыстаудың туристік және мәдени әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттау мәселелері талқыланды.

"Маңғыстау –  киноиндустрия саласындағы ауқымды жобаларды жүзеге асыруға қолайлы өңір. Біз креативті экономиканы дамытуға, мәдени мұраны насихаттауға және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Мұндай жобалар Маңғыстауды халықаралық деңгейде танытып, өңірдің әлеуетін кеңінен көрсетуге мүмкіндік береді", – деді аймақ басшысы.

Түсірілім жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарлануда, ал фильмнің прокатқа шығуы 2027 жылдың ақпан айына белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу