Маңғыстауда екі адамның өліміне себепші болған дезинсектор 5 жылға сотталды

540

Маңғыстауда ана мен қыздың өліміне себепші болған жәндік улау қызметін ұсынған азамат сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Маңғыстауда екі адамның өліміне себепші болған дезинсектор 5 жылға сотталды Фото: liter.kz

"Сот үкімімен Ж. екі адамның өліміне әкеп соққан санитариялық қағидаларды, гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды" – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сотталушы пәтерін жәндіктерден тазарту мақсатында өзінің танысына дезинсекция қызметін ұсынады. Осылайша Қазақстан аумағында қолдануға тыйым салынған өмірге қауіпті "Квикфос" уын пайдаланған.

Салдарынан ауаға "алюмин фосфид" түссіз улы газы тарап, оның әсерінен көрші пәтердегі жасөспірім қыз бен оның анасы қайтыс болған. Осылайша бір адамның немқұрайлы әрекеті қайғылы жағдайға себепкер болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу