Маңғыстауда экологиялық талаптарды бұзған компанияға 474 млн теңге айыппұл салынды

312

Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлім етті.  

Маңғыстауда экологиялық талаптарды бұзған компанияға 474 млн теңге айыппұл салынды Фото: aikyn.kz

Прокуратура бұрғылау қалдықтарының белгіленген лимиттен 513 тоннаға артық жиналғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуына жүргізілген тексеру барысында елеулі заң бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, Buzachi Operating Ltd компаниясының филиалы бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін айтарлықтай асырған. Тексеру барысында бұрғылау қалдықтарының көлемі белгіленген нормадан 513,2 тоннаға артық болғаны белгілі болды.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нәтижесінде компанияға 474 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу