Маңғыстауда "Емір Ойл" компаниясына 451 млн теңге айыппұл салынды

278

Айыппұл әлі толық мөлшерде төленген жоқ.

Маңғыстауда "Емір Ойл" компаниясына 451 млн теңге айыппұл салынды Фото: Тумба.кз

"Емір Ойл" ЖШС жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы сақтамағаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Компания әлі толық мөлшерде соманы төлеген жоқ. Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізіп осындай шешімге келді.

"Емір Ойл" ЖШС-і жер қойнауын пайдаланушысы ретінде келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін Энергетика министрлігі салған айыппұл санкцияларын төлемегені анықталды. 2017-2021 жылдары төленбеген айыппұлдардың жалпы сомасы 451 млн теңгеден асты", - деп хабарлады ведомстводан.

Прокуратура қадағалау актісін қарау аясында "Емір Ойл" ЖШС-і қазіргі уақытта жалпы қарыздың 386 млн теңгесін төлегенін айтты.                                                                                                                                                                                                               

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу