Маңғыстауда есірткі саудалаумен айналысқан топтан 2 млрд теңге тәркіленді

147

Бұдан бөлек, заңсыз айналымнан аса ірі мөлшерде есірткі заттары алынды. 

Маңғыстауда есірткі саудалаумен айналысқан топтан 2 млрд теңге тәркіленді Фото: Бейнежазбадан

Былтыр қыркүйек айында Маңғыстау облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен "ДЮНЬ ОПЕРАТОР" интернет-есірткі дүкенінің қызметін жүзеге асырған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты бірқатар резонансты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР Маңғыстау облыстық прокуратурасы бапасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде, сондай-ақ ақша қозғалысын тексеру барысында Жамбыл, Ақтөбе облыстарының аумағында және Шымкент қаласында 4 адам ұсталды.

Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған 2 млрд теңгеден астам ақша қаражаты тәркіленіп, жалпы құны 100 млн теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық істі қарау нәтижесімен ағымдағы жылдың 19 ақпанында және 20 наурызында Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімдерімен сотталушылар трансұлттық және ұйымдасқан топ мүшесі бола, есірткі заттарын өткізу, аса ірі мөлшерде сақтау, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру фактілерімен кінәлі деп танылды.

"Сотталғандарға 16 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2 млрд теңгеден астам ақша қаражаты мемлекет кірісіне тәркіленді. Сондай-ақ сотталғандарға тиесілі люкс санатындағы автокөліктері тәркіленді. Сот үкімдері заңды күшіне енген жоқ", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу