Маңғыстауда ет бағасы қымбаттады

659

Маңғыстау облысында ет пен ет өнімдері құны бір жылда 22,6% қымбаттаған. Саудаға шығарылған өнім бағасы 2700-2800 теңгені құрайды. 

Маңғыстауда ет бағасы қымбаттады Фото: khabar24.kz

Қазақстан бойынша оның бағасы 15%-дан аспайды. Ал, шұжық өнімдерінің құны 22%-ға өсті. Көш басында тұрған Маңғыстаудан соң 21,7% қымбатшылықпен Павлодар, 21,5% өсіммен Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Ең төменгі өсу - Ұлытау облысында 9,7%.

"Қазақ етсіз ас ішпеген халық қой. Қазір соны алу қиынға соғып барады. Бүгін базардан сиыр етінің бір келісін 2700 теңгеден алдым. 10 келі сүйек аралас ет пен 3 келі тартылған ет алғанмын 35 мың теңгеге шықты. Бұл ет біздің үлкен отбасымызға екі аптаға да жетпей қалады. Зейнеткерлердің қалтасына салмақ болып тұр", - дейді Ақтау қаласының тұрғыны Шараухан Ізбасарова.

Айта кетейік, өңірде ет өнімдерінің ішінде құс еті бір жылда 29,4%, жылқы еті 16,7%, шошқа еті 14,3%, қой еті 12,9%, сиыр еті 10% өсті. Шұжықтардың ішінде қайнатылған 23,6%, жартылай ысталған 22% қымбаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу