Маңғыстауда газ құбырынан өрт шығып, жарылыс болды

267

Маңғыстау облысында газ құбыры желісінде өрт шығып, жарылыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда газ құбырынан өрт шығып, жарылыс болды Фото: canva.com

2024 жылдың 18 наурызында шамамен сағат 23.00-де Орталық Азия – Орта магистралды газ құбыры лупингінің күзетілетін аймағының конденсат жинағышы желісінде газ ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласты.

Сағат 23:13-де келісім бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі өртті сөндіреді. 

Зардап шеккендер жоқ, газ тасымалдау нысандарына залал келмеген, жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр. 

Өрт халықты газбен қамтамасыз ету және газды тасымалдау жұмыстарына  кедергі келтірмеді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу