Маңғыстау облысында мұнай-газ кәсіпорындарында жүргізілген тексеру барысында "Oil Services Company" ЖШС-де жабдықтарды қабылдау кезінде заң бұзушылықтар анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, іс материалдарының негізінде сотқа дейінгі тергеу басталып, кәсіпорын мен мердігер ұйымның 3 басшысы ұсталған.
Сот үкімімен олардың барлығы кінәлі деп танылды. Кәсіпорын бас директорының орынбасары аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, бөлім басшысы мен мердігер компания директоры 2 жыл 4 айға сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.