Маңғыстауда Каспий теңізіне кеме батып кетті

240

Оқиға Баутино портында болды. Бұл туралы куәгерлер хабарлады.

Маңғыстауда Каспий теңізіне кеме батып кетті Фото: Теңіз әкімшілігі

ҚР порттары теңіз әкімшілігінің басшысы Нұрбол Ержанов оқиғаға түсініктеме берді. Төтенше жағдай 16 қарашада болған.

Әзербайжанның "Костал Ассистант" кемесі өз еліне бару үшін теңізге шықты. Алайда, ауа-райының нашарлауына байланысты Баутино шығанағына аялдауға шешім қабылданды. 16 қарашада сағат 06:40-та айлаққа бара жатып, кеме теңізге батты.

Көлікке су тола бастағандықтан борт бір қапталына отырып кетеді.  Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ. Кемені құтқару үшін ҚР порттарының теңіз әкімшілігі "Caspian Offshore Construction" компаниясының буксирлерін және сүңгуір командасын шақырды. Олар тексеріп, кеменің тесіктерін анықтау үшін жұмыс істеген.

17 қарашада сағат 02:00-де кеме "САГА Аташ" ЖШС аумағына сүйрелді. Қазіргі уақытта су көлігі айлаққа бекітілген.

"Нәтижесінде су бетінің кішкене бөлігінде май қабаты пайда болды. Мұнай қалдықтарын теңізге таратпау үшін кемені бонустық қоршаумен сақтандыру туралы шешім қабылданды", - деді Нұрбол Ержанов.

Теңіз әкімшілігі кемені құтқарып, одан әрі әрекет ету үшін ауа-райының жақсаруын күтуде.
Айта кетейік, осы жылдың басында Әзірбайжанның "Mahmud Rehimov" кемесі да айлаққа осылайша тұрақтаған болатын.                                                                                                                                                                                             

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу