Маңғыстауда қауіпті маневрмен табиғатқа зиян келтірген жүргізуші қамауға алынды

171

Сот оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Маңғыстауда қауіпті маневрмен табиғатқа зиян келтірген жүргізуші қамауға алынды Фото: Бейнежазбадан

Маңғыстау облысы аумағында Айрақты-Шоманай алқабында түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің наразылығын тудырған болатын. Онда жүргізушілер қауіпті маневрлар жасап, видеоға түсірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes көлігінің әрекеті жол қауіпсіздігіне қауіп төндіріп қана қоймай, қоршаған ортаға да зиян келтірген. Кейін құқық бұзушының 24 жастағы жүргізуші екені анықталған. Ол көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарған және бұған дейін де осындай құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылған болып шықты. Жүргізушіге бірнеше әкімшілік жаза қолданылып, көлік айып тұрағына қойылды.

Маңғыстау облыстық сотының мәліметінше, жүргізушінің әрекеті Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша сараланып, сотта құқық бұзушының кінәсі толық дәлелденген.

Аталған бап бойынша айыппұл немесе әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу