Маңғыстауда қаза тапқан түркістандық әскери қызметшінің денесі туған жеріне жеткізілді

536

Осы күні Түркістан қаласында әскери қызметшіні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. 

Маңғыстауда қаза тапқан түркістандық әскери қызметшінің денесі туған жеріне жеткізілді Фото: Қорғаныс министрлігі

Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметші, аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі Түркістанға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметшінің денесі 25 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында әкелінді.

– Түркістан қаласының әуежайына аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен жеткізілді, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Осы күні Түркістан қаласында әскери қызметшіні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Жаназа намазы оқылып, марқұм туған жерінде жерленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу