Маңғыстауда "Киік-2023" шарасы басталды

1037

Маңғыстау облысында мамырдың 15-іне дейін киіктің төлдейтін уақыты.   

Маңғыстауда "Киік-2023" шарасы басталды Фото: google

Осыған орай, киік аңына браконьерлік жасауға және сатуға ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз жұмыстарына арнайы құқық қорғау орган қызметкерлерінің қатысуымен қорғау жұмыстары күшейтілген түрде жүргізілетін болады.

"Заңсыз киік аулағандарға қазір заң өте қатал. Мысалы: бір бас аталық киікті заңсыз аулаған тұлғаға салынатын айыппұл көлемі 5 жарым млн теңгеден басталады. Әрі қарай өзінің әдісі бар. Ол бірнеше есе өсуі мүмкін. Аналығы болса, айыппұл 3 жарым млн теңгеден жоғары. Сосын қылмыстық кодекстің 337, 339- баптары бар. Заңсыз аң аулау, заңсыз тасымалдау бойынша 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған",- дейді Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов.

Бүгінгі күні киікке қатысты мәселе басты назарда тұр. Айта кетсек, Үстірт таралымы Маңғыстау және Ақтөбе аймақтарын қамтиды. Жыл сайын киіктердің өңірде жиі кездесуі тікелей жердің құнарлылығына байланысты көрінеді.

"Біздер тікұшақпен және арнайы дронмен төбеден де бақылауға мүмкіндігіміз бар. Барлық инспекторлар қару-жарақпен қамтылған. Бізден бөлек жергілікті полиция қызметкерлері де жұмылдырылған. Егер қандай да бір заңбұзушылық болса, Маңғыстау немесе Ақтөбе облысы бойынша жақын маңайдағы полиция бөліміне апарып тапсыратын боламыз",- деп атап өтті Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Сырым Қаласов. 

Жануарларды қорғау жұмыстарының нәтижесінде Үстірт популяциясының саны бірнеше есе өскен. Мәселен, өткен жылғы санақ бойынша Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында ақбөкен 28 мыңға жеткені белгілі болды. Былтыр 4 заңсыз киік аулау дерегі анықталды. Жыл басынан бері бір дерек тіркеліп үлгерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу