Маңғыстауда қоқыс желмен тарады: әкімдік түсініктеме берді

123

Ақтаулық қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбада полиэтилен қапшықтар мен пластик бөтелкелерге толы аумақ және олардың арасында жайылып жүрген түйе көрінеді.  

Маңғыстауда қоқыс желмен тарады: әкімдік түсініктеме берді Фото: Азамат Сәрсенбаев

Маңғыстау облысында далаға шашылған қоқыс қоғам талқысына түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аталған жағдайға байланысты облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, кадрдағы аумақ Мұнайлы ауданы Баянды ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны болып табылады. Қалдықтарды жинау және орналастыру белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Басқарма өкілдері жеңіл фракциялы қалдықтардың полигон аумағынан тыс жерлерге таралуы кей жағдайда табиғи және технологиялық факторларға байланысты екенін атап өтті. 18 сәуірде нысанда жоспарлы санитарлық жұмыстар жүргізілген. Алайда 20 сәуірде полигон маңында өрт тіркеліп, оны сөндіру кезінде және желдің күшеюі салдарынан қағаз және өзге де жеңіл қалдықтар айналаға қайта таралған.

Қазіргі уақытта аумақты толық тазарту үшін жедел жұмыстар ұйымдастырылып, арнайы техника мен тиісті қызметтер жұмылдырылған. Әкімдік бұл жағдайдың уақытша екенін және полигонды күтіп-ұстауда жүйелі мәселе жоқ екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу