Маңғыстауда көпсатылы әскери оқу-жаттығу басталды

258

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Маңғыстауда көпсатылы әскери оқу-жаттығу басталды Фото: gov.kz

Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында Қарулы күштердің "Батыс" өңірлік қолбасшылығы мен Құрлық әскерлерінің қатысуымен көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алғашқы кезеңде роталық-тактикалық топтар белгіленген аудандарға марш жасап, бөлімшелерді басқару, лек құрамында қозғалу және белгіленген бағыт бойынша әрекет ету міндеттерін пысықтады.

Оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің өзара іс-қимылына, техниканың дайындығына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және жағдай өзгерген кезде командирлердің жедел шешім қабылдауына ерекше назар аударылады.

Жаттығу әскери басқару органдары мен бөлімшелердің операцияларды жоспарлау және орындау дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ әскерлердің түрлі жағдайларда қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексеруге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу