Маңғыстауда короновирус инфекциясы көбейді

1655

Соған қарамастан жүз адам шақырып, той жасағандарға айыппұл салынды.

Маңғыстауда короновирус инфекциясы көбейді

Ақтаудағы мейрамханаларға демалыс күні рейд жүргізген полицейлер жүз адамға той жасаған тағы бір мейрамхананы анықтап, бұл дерек бойынша тәртіп бұзғандарға 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Өкінішке қарай, аймақта жағдай қайтадан ушығып кеткен. Қазіргі күні облыста 57 адам коронавирус инфекциясымен ауырып, карантиндік стационарда жатыр. Олардың 49-ының диагнозы - коронавирустық пневмония, қалған сегізі  "COVID-19" жұқтырған. 

"Жансақтау бөлімінде 5 науқас жатыр. Оның ішінде екеуінің жағдайы өте ауыр саналады", деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасынан. 
Маңғыстау облысында бүгінде 215 инфекциялық төсек орын бар, реанимациялық төсек саны 43-ке дейін көбейтілген. Арнайы анықтамасыз келген қазақстандық және шетел азаматтары үшін Ақтау қаласында –15, Жаңаөзенде –100, Қараақия ауданында –10, Бейнеу ауданында 10 төсек орындық карантиндік стационарлар жасақталып отыр. Стационардағы науқастардың жағдайы туралы күнделікті хабарланады. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу