Маңғыстауда көшпелі құмды тоқтату үшін 3 мың сексеуіл егілді

881

Маңғыстау облысында ауылдарда көшпелі құмды тоқтату мақсатында 3329 га аумаққа сексеуіл отырғызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстауда көшпелі құмды тоқтату үшін 3 мың сексеуіл егілді

Атап айтсақ, Сенек ауылының айналасында 1288 га, Ұштағанда 648 га, Тұщықұдық ауылында 940 га, Шебірде 451 га аумаққа сексеуіл отырғызылды. 2008 жылға дейін жүргізілген жұмыстарды Алматы қаласының география институты атқарды. Одан кейінгі жұмыстарды "Жасыл Әлем" ЖШС жүргізді.

Қазіргі уақытта егілген қара сексеуілдерді әрі қарай күтіп ұстау мақсатында биыл Маңғыстау облысы әкімдігінің "Басқа санаттағы жерлерді орман қоры жерлеріне ауыстыру туралы" қаулысы шығып, жасыл аймақта қорғауға Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі МКК-ның меншігіне беруге шешім қабылданды. Осы орайда, Бейнеу орман мекемесіне 4 орманшы және 8 көмекші қызметкер алынды.

Сонымен қатар, 2018 жылы Маңғыстау ауданының Жарма, Сауысқан және Сазды ауылдарын құм көшкінінен қорғау жұмысы бойынша аймақты зерттеу және шығындарды есептері жасақталды. Үш ауылға дайындалған 6 жылдық жоба бойынша барлығы  134 га жерге 327 152  дана сексеул, жүзген және томирикс өсімдіктерін өсіруге конкурс  жарияланды. Нәтижесінде жеңімпаз анықталып жұмыстарын бастап кетті. 

Сексеуіл Қошқар ата қалдық қоймасының айналасына да отырғызылып жатыр. Атап айтсақ, Басқұдық ауылының санитарлық-гигиеналық, экологиялық жағдайын және микроклиматты тұрақтандыру үшін 2015-2020 жылдары "Қошқар-Ата" қалдық қоймасының оңтүстік-батыс бөлігіне жалпы аумағы 88 га жерге қара сексеуіл және жүзген отырғызылып, жасыл желек өсірілді.

Өңірде соңғы 5 жылда 5850 гектар мемлекеттік орман қоры жеріне сексеуіл тұқымын себу арқылы 1 950 мың түп ағаш өсіру жоспарланған. Осы жылы 4,4 тонна тұқым себілмек. Бұл мақсатқа қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу