Маңғыстауда қуаңшылықты жеңу үшін жаңбыр жаудыру әдісі қолданылуы мүмкін

1152

Маңғыстауда қуаңшылық мәселесін шешу үшін жасанды жолмен жаңбыр жаудыру әдісі қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Маңғыстауда қуаңшылықты жеңу үшін жаңбыр жаудыру әдісі қолданылуы мүмкін

Бұл технология біздің елімізде алғаш рет жүзеге асырылмақ. Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен басқосуда Мәжіліс депутаттары мен кәсіпкерлер кездесіп, осындай талқылау жасады. Олай етпесе соңғы жылдары жауын-шашын күрт азайып, тіпті жаумай да қалған. Жоба құны 500 млн тг жуықтайды. Оған бюджет қаражатымен қатар кәсіпкерлердің демеушілігі де тартылсын деген ұсыныс жасалды.

Бқл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Өңірлік кеңес төрағасы Еділ Жаңбыршин өз ойын ортаға салды.

"Осы әдісті апробациядан өткізсек, Маңғыстуға соңғы кезде 2 есе аз түскен жаңбыр мәселесін шешуге болады. Қазір есептеп, Маңғыстаудың климаттық жағдайы, мүмкіншілігі, қамтитын аумағы қаралады. 2 млн евро қаржы 1 жыл бойы іс-тәжірибеден өткізуге мүмкіндік береді", - дейді ол.

Бұл – 40 жылдық тарихы бар технология. Оны араб елдері, Еуропа мен Зеландия, Үндістанда жүзеге асырып келеді. Мамандардың тұжырымы бойынша Маңғыстауда да су ресурстарын, ылғалды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін көрінеді.

Жоба жетекшісі Алтай Айнабектің айтуынша, бұл әдіс арқылы аспандағы атмосфераны нығайтып, бұлттарды түзеді, жаңбыр жаудырады. Негізгі жұмыс – болып жатқан табиғи процестерді басқару. Өтіп жатқан су, ылғалды ауаны жерге түсіру. Ешқандай химиялық заттар пайдаланылмайды.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу