Маңғыстауда күдікті қара уылдырықпен ұсталды

212

Ұсталған 33 жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Маңғыстауда күдікті қара уылдырықпен ұсталды Фото: Маңғыстау ПД

Маңғыстау облысы тұрғынының көлігінен үш келіден астам бекіре балығының уылдырығы табылды. Ер адамның бекіре балығының уылдырығын сатумен және сақтаумен айналысатыны туралы тәртіп сақшыларына жедел ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері СОБР қызметкерлерімен бірлесіп Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында Toyota Ipsum маркалы автокөліктен алты дана көлемінде пластикалық қорапқа оралған бекіре балығының уылдырығын анықтап, тәркіледі. Жалпы салмағы - 3 кг 150 грамм", - деп хабарлады полицейлер.

Осы іс бойынша 33 жастағы ер адам қамауға алынды.

Бұл факт ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігімен сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз жұмыс істеу бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүргізілуде.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу