Маңғыстауда құрылыс орнында жүк көлігі жұмысшыны басып кетті

842

Маңғыстауда құрылыс орнында жүк көлігі жұмысшыны басып кетті

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауданында орналасқан "Ерсай" ЖШС-нің құрылыс базасында 1 жұмысшы қаза тапты. Оны сол жердегі жүк көлігінің жүргізушісі байқамай басып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

МО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше,  оқыс оқиға 31 мамыр күні таңертең сағат 09:30 шамасында болған. "DSL Caspian" серіктестігінің жұмысшысы оқиға орнында  қайтыс болған.

"Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі  (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу