Маңғыстауда мұнай-газ саласындағы миллиондаған қаржыны жымқырғандар сотталды

190

Айыпталушыларға қатысты прокурорлық тексерістер былтыр басталған.  

Маңғыстауда мұнай-газ саласындағы миллиондаған қаржыны жымқырғандар сотталды Фото: kazpravda.kz

Өткен жылы Маңғыстау облысының прокуратурасымен мұнай-газ кәсіпорындарында тексерулер жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Тексеру нәтижелері бойынша "West Oil Software" ЖШС қызметінде материалдық қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Тергеу аясында кәсіпорында негізгі басшылық қызметтерді атқарған 3 адам ұсталды.

Сотпен барлық тұлғалар кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрлері тағайындалды. Атап айтқанда, кәсіпорын басшыларының бірі бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қаралу барысында сотталғандар 261 млн теңге көлемінде шығынды өтеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу