Маңғыстауда мұнайшылар жалақыны көтеру туралы Президентке үндеу жолдады

546

Маңғыстау облысында екі бірдей компанияның мұнайшылары еңбекақыларын 100% көтеруді сұрайды. 

Маңғыстауда мұнайшылар жалақыны көтеру туралы Президентке үндеу жолдады

Бейнеу ауданындағы Құлжан кен орнында мұнай өндірумен айналысатын "Meerbusch" ЖШС жұмысшыларының айтуынша, олар бірнеше рет басшылықтан жалақыларын көтеруді сұраған. Кен орнында 120 адам жұмыс істейді. Көбісі 15 жылдан бері тұрақты еңбек етіп келеді. Компанияда көлік жүргізушілер 170 мың теңге, жоғары санатты оператор 250 мың теңге алады. Ал басқа кен орнында осындай қызметкерлер 400-600 мың теңге жалақыға қол жеткізіп отырғанын алға тартты.

"Біз басшылыққа жалақымызды 100% көтеру туралы өтінішпен жүгіндік. Бірақ бізге тек 50 мың теңге үстемеақы қосу ұсынылды. Қазір баға шарықтап, алқымнан алып барады. Отбасымыздан жырақты жүріп, тапқан табысымыз мардымсыз. Сондықтан да біз биліктің назарын өз проблемамызға аударып үндеу жолдаймыз", – дейді жұмысшылар.

Дәл осындай талапты "Кен-Сары" ЖШС қызметкерлері де көтерді. Олар да ұжымдарымен жиналып, жалақыны көтеру туралы мәселені алға қойды. Жұмысшылар қазіргі жалақылары өзге компаниядағы әріптестерімен салыстырғанда үш есе аз екеніне тоқталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу