Маңғыстауда Oil Construction Company бас директорының орынбасары ұсталды

298

Ол бірнеше рет пара алды деп айыпталуда.

Маңғыстауда Oil Construction Company бас директорының орынбасары ұсталды Фото: tvspb.ru

Маңғыстау облысында Oil Construction Company бас директорының орынбасары бірнеше рет пара алды деп айыпталуда.

Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукеновтің мәліметінше, Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет квазимемлекеттік сектор саласындағы негізсіз байытудың сыбайлас жемқорлық схемасын ашты. 

“Тексерілген жедел - тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша "Oil Construction Company" ЖШС бас директорының орынбасары бизнес өкілдерінен бірнеше рет пара алу фактісі бойынша әшкереленді”, - деді Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Пара Маңғыстау облысының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық жобаны іске асыру үшін алынған. Ақшаны кедергісіз аудару үшін Кендірлі демалыс аймағынлағы Тоқмақ жерінде теңіз суын тұщыту зауытын салу жобасы таңдалған екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу