Маңғыстауда өкпе дертімен ауыратындар көбейді

619

Құрт ауруын жұқтырған 10 бала бар.

Маңғыстауда өкпе дертімен ауыратындар көбейді

Маңғыстау облысында жыл басынан бері туберкулезбен ауыратын 222 науқас тіркелді. Көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 сырқатқа артық. 

Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Мадина Рахметованың айтуынша, құрт ауруын жұқтырған 10 бала бар.

Туберкулездің алдын алу және дер кезінде анықтау мақсатында өңірдің бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына Манту сынамасының диагностикалық тестін және БЦЖ ревакцинациясын ұйымдастыру ұсынылды. Жұқпалы ауруға қарсы екпе мектептегі егу кабинеттерінде ұйымдастырылады. Манту сынамасын және БЦЖ ревакцинациясын жергілікті емдеу мекемелерінің көшпелі егу бригадалары жүргізеді. Олар медициналық персоналмен және қажетті дәрімен толық қамтамасыз етілген. 

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу