Маңғыстауда салмағы 6,6 келі нәресте дүниеге келді

89

Нәресте кесарь тілігі арқылы өмірге келген. 

Маңғыстауда салмағы 6,6 келі нәресте дүниеге келді Фото: Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы

11 қараша күні облыстық перинаталдық орталықта салмағы 6 келі 690 грамм болатын алып қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дәрігерлердің мәліметінше, жаңа туған сәбидің анасында жүктілік кезінде қант диабеті, ауыр преэклампсия деген ауыр диагнозбен қатар артық салмақ болған.

“Мұндай жағдайлар баланың дамуына, соның ішінде оның туылған кездегі салмағына әсер етуі мүмкін”, – дейді мамандар.

Қазір ана мен нәрестенің жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында.

Дәрігерлер жүктілікке алдын ала дайындықтың және әйелдердің дер кезінде тексерілудің маңыздылығын атап өтті. Бұл әсіресе, созылмалы аурулары бар әйелдерге қатысты айтылды.

“Жүктілікті алдын ала жоспарлау, қажетті тексерулерден өту және болашақ анаға барынша қолайлы жағдай жасау өте маңызды. Бұл ананың да, сәбидің де денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді азайтуға көмектеседі”, – деді перинаталдық орталықтың мамандары.

Сондай-ақ дәрігерлер салмағы үлкен болып туған балалардың метаболикалық бұзылуларға, оның ішінде артық салмақ жинауға және инсулинге төзімділіктің дамуына бейім болуы мүмкін екенін ескертті. Дегенмен, дұрыс бақылау жүргізіліп, салауатты өмір салты сақталған жағдайда бұл жағдайдың денсаулыққажақсы әсері болуы да ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу