Маңғыстауда сапасыз тауар ұсынғаны үшін тұтынушыларға 600 мың теңге қайтарылды

487

Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне интернет-сауда алаңдарынан ақшасын қайтара алмайтындар жиі жүгінеді.

Маңғыстауда сапасыз тауар ұсынғаны үшін тұтынушыларға 600 мың теңге қайтарылды

Мәселен, "Wildberries" ЖШС сапасыз тауар үшін 52 770 теңгені қайтарудан бас тартқаны туралы екі өтініш келіп түскен.

Сондай-ақ департамент қызметкерлері тұтынушыға сапасыз тауар үшін ірі кәсіпкерлік субъектісінен 296 мың теңгені қайтаруға көмектесті.

Өңірдің тағы бір тұрғыны 255 мың теңгені қайтаруға көмек сұрағаны белгілі болды. Мамандар сатушымен байланысып, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының нормаларына сәйкес мән-жайларды түсіндірді, содан кейін өтініш берушіге ақшасы қайтарылды.

Тұтынушылардың қандай жағдайда сапасыз тауарды айырбастауға немесе қайтаруға құқығы бар?

Егер сатушы немесе өндіруші неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алушы оған азық-түлік емес тауарды сатқан сәттен бастап 14 күн ішінде тауарды сатып алу орнында немесе сатушы жариялаған өзге де орындарда басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, стильдегі, түстердегі, жинақтаудағы және сол сияқтылардағы ұқсас тауарға айырбастауға не тараптардың келісімі бойынша баға айырмашылығы болған жағдайда сатушымен қайта есептеу жүргізіп басқа тауар алуға құқылы.

Сатушыда немесе өндірушіде айырбастау үшін қажетті тауар болмаған кезде тұтынушы оны қайтаруға және ол үшін төленген қаржыны алуына болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу