Маңғыстауда сауда сөрелерінен 700 келіге жуық қауіпті өнім тәркіленді

473

Маңғыстау облысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сауда объектілерінде 3 мыңнан астам өнімді тексерді.   

Маңғыстауда сауда сөрелерінен 700 келіге жуық қауіпті өнім тәркіленді Фото: inbusiness.kz

Талапқа сәйкес келмейтін өнімнің негізгі бөлігі, яғни 80% импортқа тиесілі болып шықты. Іріктелген сынамалардың 8,2% кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейді.

"Отандық өнім бойынша сәйкессіздік көрсеткіші - 16%, шетелдік өнім бойынша - 84%. Сәйкессіздіктердің көп бөлігі- 80,1% таңбалау бөлігінде анықталды. Яғни, өнім өндірушінің атауы мен орналасқан жері, шығарылған күні, сақтау мерзімі, қаптаманың сәйкес келмеуі, мемлекеттік тілдегі ақпараттың болмауы", - дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің басшысы Жарасхан Саламатова.

Сәйкессіздіктер ет, құс және балық өнімдерінде, ұн, минералды су, көкөністер мен жемістерде, сондай-ақ кондитерлік және сүт өнімдерінде анықталды.

"Халал" белгісімен өндірілген ет өнімдерінде шошқаның ДНҚ-сын анықтау үшін зерттелген 31 түрлі сынамада сәйкессіздіктер табылмағаны атап өтілді.

Анықталған деректер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне 57 ұйғарым беріліп, кемшіліктерді жою жолдары түсіндірілді. Жалпы сомасы 275 670 теңгеге айыппұл салынды. Ал 693,83 килограмм қауіпті тамақ өнімдері сатудан алынып тасталды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу