Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлікте 147,4 мың адам жұмыс істейді, бұл өңірдің экономикалық белсенді халқының 40%-ын құрайды. Биыл кәсіпкерлікті қолдау үшін 16,3 млрд теңге бөлініп, 167 жобаға қолдау көрсетілді.

"Бір ауыл-бір өнім" бағдарламасының финалистеріне 82,6 млн теңгеге 48 жаңа жұмыс орындарын құрумен 17 кәсіпкердің жобасы мақұлданды.

Жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға бағытталған "Өрлеу" жаңа бағдарламасы іске қосылып, 8,4 млрд теңгеге 70 жоба қолдау тапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу