Маңғыстауда шатқалға құлап кеткен ер адам жансақтау бөліміне түсті

469

Оған ота жасалған.  

Маңғыстауда шатқалға құлап кеткен ер адам жансақтау бөліміне түсті Фото: lada.kz

Дәрігерлер Ыбықты сай шатқалында құлап кеткен ер адамның қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Ер адамның кеуде омыртқалары сынғаны анықталды. Нейрохирургтар оған ота жасаған.

Бүгінде пациенттің жалпы жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі 26 қыркүйек Маңғыстау облысында құтқарушылар ер адамды шатқалдан эвакуациялағанын хабарлады. Оқиға Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Ақтау қаласынан 65 шақырым қашықтықтағы Ыбықты сай шатқалында болған.

Ер адам абайсызда құзға құлап, өздігінен шыға алмаған. Шатқалдан шығарылғаннан кейін ер адам ауруханаға жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу