Маңғыстауда шомылуға тыйым салынған орындардың тізімі жарияланды

448

 Ақтауға шомылуға тыйым салынған орындардың қатарына екі учаске кірді. 

Маңғыстауда шомылуға тыйым салынған орындардың тізімі жарияланды Фото: лада.кз

Олар: Каспий теңізінің 4 шағын аудандағы "Каспиан Ривьера" қонақ үйі мен Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармонияға дейінгі 5 шағын аудандағы Тарас Шевченко ескерткіші маңы жағалауы. Сонан соң "Шора" су арнасы.

Мұнайлы ауданында Батыр ауылдық округінен солтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан қалдықтар көлі қауіпті саналады. 

Түпқараған ауданында Ақтау-Форт - Шевченко тас жолының 43-шақырымдағы теңіз жағалауы, 64-шақырымда "Голубая бухта"жағалауына шомылуға тыйым салынады. Сондай-ақ, 86 - шақырымдағы "Саура", Форт-Шевченко қаласынан 30-шақырымда "Тамшалы" және Таушық ауылынан 20-шақырым "Сартас" жағалауына суға шомылуға тыйым бар. 

Қарақия ауданында Жыландыдан Кендірлі бағытына дейінгі жағалау аймақтары да, Тоқмақ аймағынан Кендірліге дейінгі учаскеде шомылуға тыйым салынады.

"Абай" базасынан Саржа бағытына қарай жағалау аймағының учаскесінде де суға түсуге болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу