Маңғыстауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі пара алғаны үшін сотталды

536

Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуі тиіс қызметкердің өзі парамен ұсталғаны өңірде біраз шу туғызған еді.

Маңғыстауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі пара алғаны үшін сотталды

Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі А. Ізбасарға қатысты сот үкімін Ақтау қалалық соты шығарды. Бүгінде үкім заңды күшіне енді.

Сотталушы арнайы атағынан айырылып, 15 млн теңге мөлшерінде айыппұл төлейді.

Сондай-ақ ол өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу