Маңғыстау облысы Қарақия ауданында полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбаған шетел азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық сотқа сілтеме жасап.
Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 667-бабының 1-бөлігімен іс қозғалды.
"Шетелдік азамат биыл 26 қаңтарда Құрық портында алкогольдік масаң күйде полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбаған. Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толықтай мойындап, жеңіл жаза қолдануды сұрады", – делінген сот хабарламасында.
Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу