Маңғыстауда теңізге кеткен 3 қыз құтқарылды

624

Оларды жел ашық теңізге алып кеткен

Маңғыстауда теңізге кеткен 3 қыз құтқарылды        Фото: ашық дереккөз

Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде ТЖД, ҰҚК ШҚ, ПД күштерімен үрлемелі матраста ашық теңізге кеткен 3 қыз кешеден бері іздестірілген еді.

Іздестіру жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды. Бүгін таңғы сағат 6 шамасында "Қазақтеңізкөлікфлоты" ЖШС Сұңқар кемесінің экипажы теңізден 22 шақырым қашықтықта 3 қызды құтқарды. Денсаулық жағдайы тұрақты, медициналық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, Департаментпен алдағы уақытта желдің күшеюі және белгіленбеген учаскелерде шомылуға жол бермеу туралы SMS-хабарлама мерзімінен бұрын жіберілді.

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Еске салайық, бұған дейін Каспий теңізіне үрмелі матраспен шыққан қыздар іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.                                                                                                                                                                            

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу