Маңғыстауда TikTok-та бейәдеп сөз айтқан тұрғын 7 тәулікке қамалды

291

Сот шешімімен әкімшілік жаза тағайындалды.

Маңғыстауда TikTok-та бейәдеп сөз айтқан тұрғын 7 тәулікке қамалды Фото: Бейнежазбадан

Маңғыстау облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан 21 жастағы тұрғын 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Түпқараған ауданының тұрғыны Ғадылбек Құлжановтың Таушық ауылында TikTok арқылы тікелей эфир жүргізіп, бейәдеп сөздер қолданғаны анықталған.

Аталған дерек бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен ол кінәлі деп танылды. Нәтижесінде 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция өкілдері әлеуметтік желідегі тікелей эфирлерде де заң талаптарын сақтау қажеттігін ескертті. Қоғамдық тәртіпті бұзу, өзгелерге құрметсіздік таныту және бейәдеп сөздер қолдану әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Т

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу