Бейнеу ауданы прокуратурасының бастамасымен "Айқын нәтиже" жобасы аясында Есет, Төлеп, Тұрыш және Тәжен ауылдарында алкоголь өнімдерін сатудан және тұтынудан ерікті түрде бас тарту туралы бастама қолдау тапты.
Бұл елді мекендерде 2,6 мыңнан астам адам тұрады. Тұрғындар мен кәсіпкерлер алкогольден бас тарту арқылы қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға үлес қосты.
Бастама қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, сондай-ақ алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру көзделген.
Маңғыстау облысының прокуратурасы мұндай бастамалар тұрғындардың қоғамдық тәртіпті сақтауға деген жауапкершілігін арттыратынын атап өтті.