Маңғыстауда түйемен болған жол апаты 14 млн теңге шығын әкелді

374

Егер жүргізуші "мал айдау" белгісі қойылған аумақта үй жануарларын қағып кетсе, онда кінә жүргізушіге жүктеледі.

Маңғыстауда түйемен болған жол апаты 14 млн теңге шығын әкелді Фото: Lada.kz

Егер жүргізуші "мал айдау" белгісі қойылған аумақта үй жануарларын қағып кетсе, онда кінә жүргізушіге жүктеледі.

Түйенің қатысуымен жол апаты Шетпе мен Жетібай кенттері арасындағы республикалық жолда болған. 

"Exeed VX" жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі жолға шыққан түйені байқамай соғып кетеді. Оқиға орнында жануар өліп қалады. Ал көліктің сол жағы зақымдалады. Сот жол талғамайтын көлік жүргізушісінің кінәсін анықтады.

Бұл ретте сақтандыру компаниясы көлік иесіне 14,1 млн теңге төледі, автокөлікті қалпына келтіру үшін сақтандыру төлемін алды.

Жыл сайын өңірде жабайы жануарлар мен қаңғыбас малдың қатысуымен ондаған жол-көлік оқиғасы тіркеледі.          

Егер жүргізуші "мал айдау" белгісі қойылған аумақта үй жануарларын қағып кетсе, онда кінә жүргізушіге жүктеледі. Сыртта немесе белгі болмаған жағдайда жауапкершілік мал иесіне артылады екен. 

Ал жабайы жануарлардың қатысуымен болған апатта зардап шеккен тарап көлікті өз есебінен қалпына келтіруге мәжбүр болады. 

"Тәжірибе көрсеткендей, жануардың иесін және сәйкесінше материалдық залалды өтеу жауапкершілігі жүктелген адамды анықтау өте қиын. Иесі меншік құқығын мойындамауы мүмкін және оны тегсіз дәлелдеу мүмкін емес. Жүргізушінің сот арқылы үй жануары иесінен өтемақы алуға құқығы бар. Сондықтан да автокөлікті қалпына келтіру үшін мүлікті сақтандырған дұрыс",- дейді мамандар.        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу