Маңғыстауда туристік мекемелердің автобус алған қаражаты 25% субсидияланады

569

Маңғыстау облысында туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орны бар автокөлік сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін, яғни 25% өтеледі.

Маңғыстауда туристік мекемелердің автобус алған қаражаты 25% субсидияланады

Бұл - туроператорлар, турагенттер мен гидтер үшін үлкен қолдау болмақ. Туристік қызмет көрсететін көлік құралдарын 5 жыл ішінде мақсатсыз пайдалануға болмайды және субсидия тек туристік қызметке мамандаған нысандарға төленетенін ескерген жөн. Яғни, көлікті қоғамдық қалалық және қалааралық маршруттарда пайдаланбас үшін субсидия туристік қызметке маманданған кәсіпкерлік нысандарына ғана беріледі. 

"Кәсіпкер субсидиялау бойынша өз өтінімін қағаз немесе электрондық нұсқада Маңғыстау облысының туризм басқармасына жібере алады. Басқарама екі жұмыс күн ішінде өтінімдердің толықтығын қараған соң, комиссия 10 жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкестігін тексереді. Құжаттарды қарау жұмыстары аяқталған соң, басқарма бюджеттік өтінімді 30 наурызға дейін жібереді. Өтем сомасын қаржыландыруды алғаннан кейін, 15 жұмыс күн ішінде кәсіпкерлік өтінімде көрсетілген екінші деңгейлі банктегі шотына түседі",-дейді Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу