Маңғыстауда улы көлдің айналасын көгалдандыру қолға алынбақ

Қазір құзырлы орган бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. 

Маңғыстауда улы көлдің айналасын көгалдандыру қолға алынбақ Фото: Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Маңғыстау облысындағы "Қошқар ата" радиациялық қалдық қоймасын биологиялық рекультивациялау жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Маңғыстау облысы әкімдігі "Қошқар ата" радиациялық қалдық қоймасына жүргізілген қосымша зерттеу нәтижесіне байланысты қалпына келтіру жұмысын тоқтатты. Сонымен қатар, аталған зерттеудің қорытындысына қарай қалдық қоймасының айналасын көгалдандыру жөнінде шешім қабылданды", – деді Экология және табиғи ресурстар вице-министрі.

Оның айтуынша, министрлік биыл биологиялық рекультивация жобасының жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу арқылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын күтіп отыр.

"Аталған жоба арқылы қалдық қоймасын биологиялық рекультивациялау жөніндегі бүкіл жұмыстың құны белгіленеді, оның негізінде қаржыландыру көздері айқындалады", – деді Жомарт Әлиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу