Маңғыстауда жалған дипломмен 7 мұғалім сабақ берген

488

Бұл фактіні Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім саласына жүргізген мониторинг барысында анықтаған. 

Маңғыстауда жалған дипломмен 7 мұғалім сабақ берген Фото: inbusiness.kz

“Мұғалімдер қызметтен босатылды. Білім басқармасы мұғалімдердің жұмыс кезеңінде алған үстемақыларын мемлекетке қайтару бойынша сотқа талап–арыз берді”, делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, бір мұғалімге қатысты сот үкімі шығып, ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш айыппұл түріндегі қылмыстық жазаға тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу