Маңғыстауда жартасқа жазу жазған тұрғынға айыппұл салынды

243

Ақтаудан 43 шақырым жердегі жағалауда жартасқа бояумен "Ұштаған" деген жазу қалдырған дерек анықталды. 

Маңғыстауда жартасқа жазу жазған тұрғынға айыппұл салынды Фото: бейнежазбадан

Маңғыстау облысында танымал жағажайда табиғатты бүлдірген азаматқа айыппұл салынды. Айта кетейік, бұл – облыстағы елді мекеннің атауы, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оқиға куәгерлері бұл бассыздықты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

– Демалушылар табиғат аясында қоқыс қалдырып, жартасқа үлкен әріптермен жазу жазып кеткен. Бұл – қоршаған ортаға деген құрметсіздік, – дейді бейнежазба авторы.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп бұзушы анықталған. Ол – 2002 жылы туған азамат. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін оған 80 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал жартасқа жазылған жазу жуылып, тазартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу