Маңғыстауда жазасын өтеген 100-ден аса азамат жұмысқа орналасты

348

Әлеуметтік қолдау мен оқыту шаралары қайта құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.    

Маңғыстауда жазасын өтеген 100-ден аса азамат жұмысқа орналасты Фото: mtrk.kz

Маңғыстау облысының прокуратурасы пробация есебінде тұрған және түзеу мекемелерінен босатылған азаматтарды қоғамға бейімдеу, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстарды үйлестірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Пробация қызметі мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп құрған жұмыс тобы есепте тұрған 859 азаматтың тұрғылықты мекенжайларын тексеріп, қайта құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бөлінген квота аясында 106 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, қайта әлеуметтендіру шаралары шеңберінде 17 млн теңге бөлініп, 82 азаматқа жалпы көлемі 10,2 млн теңге болатын біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ Мұнайлы ауданында "НефтеПромСтройСервис" ЖШС мен "АРС оқу орталығы" арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Нәтижесінде пробация есебіндегі 13 азамат кәсіби оқуға жолданды.

Жүргізілген шаралар есептегі азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсер етіп, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу