Маңғыстауда жемқорлықты әшкерлеген 5 адам 760 мың теңге сыйақы алды

905

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жемқорлықпен күресте көмектескен азаматтарды көтермелеу шараларын "пәрменді тетік" деп атады.  

Маңғыстауда жемқорлықты әшкерлеген 5 адам 760 мың теңге сыйақы алды

"Қазақстанда азаматтарды көтермелеудің жаңа сараланған жүйесі енгізілді. Бұрын бұл қылмыс санатына байланысты жүзеге асырылған. Қазір сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адам пара немесе залал сомасына қарай осы соманың 10%-на ие болады. Бұл ретте ең жоғары сыйақы 4 000 АЕК немесе 11,6 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды", – деді Департамент басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылады. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" туралы ҚР Заңына сәйкес мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ынталандырылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу