Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушылар 70 млн теңгеден астам айыппұл төлейді

573

Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша экологиялық заңнама саласындағы заң бұзушылықтар анықталды.

Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушылар 70 млн теңгеден астам айыппұл төлейді

Құзырлы органдар жер қойнауын пайдаланушылардың рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіргенін, сөйтіп қоршаған ортаға залал келтірген жұмыстар атқарғанын дәлелдеді.

Прокурорлар Маңғыстау облысы экология департаментінің атына қадағалау актісін енгізді. Енді бірқатар жер қойнауын пайдаланушылар ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі бойынша 70 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу