Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушылардан 500 млн теңгеге жуық қаржы өндірілді

379

Маңғыстау облысында жер қойнауын пайдаланушылар өңірдің әлеуметтік бағдарламаларын дамыту үшін бюджетке бөлінетін қаражатты төлемеген. Осылайша, келісімшарттық міндеттемелерді орындамады. 

Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушылардан 500 млн теңгеге жуық қаржы өндірілді Фото: inbusiness.kz

Төленбей қалған қаражаттың жалпы сомасы 483 млн теңгені құрады.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша сома бюджетке толық өндірілді. Келісімшарттық міндеттемелерді орындамаудың басқа да фактілерін анықтау жұмыстары жалғасуда. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Кодексінің 5-бабына сәйкес, мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды басқару мемлекеттің экономикалық өсуі мен қоғамның әл-ауқаты мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығын берумен қамтамасыз етіледі. Лицензия болған кезде жер қойнауын пайдалану құқығын беру мемлекетпен келісімшарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады.

"Бұл ретте белгіленген салық және өзге де төлемдерден басқа, жер қойнауын пайдаланушы өңірдің әлеуметтік дамуына нысаналы ақшалай қаражат бөлуге міндетті. Басқаша айтқанда, пайдалы қазбаларды өндіру және сату арқылы компаниялар жергілікті бюджетке ақша аударуға міндетті. Оны кейіннен әкімдік мектептер, ауруханалар, балабақшалар және басқа да әлеуметтік нысандар салуға жібереді", – делінеді облыстық прокуратураның хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу