Маңғыстауда жол апатынан үш адам көз жұмды

691

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында болған жол көлік оқиғасы үш адамның өмірін қиды.  

Маңғыстауда жол апатынан үш адам көз жұмды

Кеше сағат 16:30 шамасында 102 кезекші пультіне Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылындағы жол-көлік оқиғасы туралы шақырту түскен.

"Volkswagen Passat" маркалы автокөліктің жүргізушісі Ақтау қаласына қарай бара жатып, басқаруындағы көлікпен қарама-қарсы бағытқа шығып кетеді. Сөйтін өз жолымен келе жатқан автокөлікке жол бермей соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушілері, сондай-ақ бір жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу